Текст

Сіз біздің интернет-ресурсымызға қош келдіңіз!
Біздің интернет-ресурста орналастырылған ақпарат мұғалімдер мен ата-аналарға білім берудің және адамгершілік, рухани-патриоттық тәрбиені қалыптастырудың жаңа перспективаларын көруге мүмкіндік береді деп үміттенемін, «Алтын бала» балабақшасының меңгерушісі Ж.К.Маженова
16.06.2026
Мерейтой
Балабақша ұжымы аспазшы Байдракова Баян Қаппасқызын 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады
15.06.2026
Таңғы жаттығу
Таза ауада жасалған таңғы жаттығу өте пайдалы. Таза ауадағы таңертеңгілік жаттығулардың пайдасы: таңертеңгілік жаттығулар денені оятады, сауықтырады және нығайтады, қан айналымын жақсартады, бұл дененің барлық жүйелерін белсендіруге көмектеседі, қатайтатын...
01.06.2026
Жаңа жағажай ашылуы
Балабақша бүлдіршіндері жаңа жағажай ашылуында
01.06.2026
"Тоғыз құмалақ" спартакиадасында 1 орын
Салауатты өмір салтынан-салауатты қоғамға" атты ұран бойынша 2025-2026 оқу жылы Көкшетау қаласы білім қызметкерлері арасында өткізілген спартакиада бағдарламасында тоғыз құмалақ жарысы бойынша І орын алған Оспанова Айсұлу Бергенбайқызы марапатталады. Құттықтаймыз!
01.06.2026
1 Маусым-балаларды қорғау күні
Балабақшада көңілді музыкамен сайқымазақ пен Микки Маус балаларды, соның ішінде жаңадан келгендерді қарсы алды. Мереке атмосферасы барлығының көңіл-күйін көтерді .
29.05.2026
Балабақшамен қоштасу
Балабақшада "балабақшамен қоштасу" ертеңгіліктері өтті, онда тәрбиеленушілер алған білімдерін, мектепке мотивациялық дайындығын көрсетті
05.05.2026
Туркиямен телемост
Бірлік пен достыққа толы ерекше күн 🌿
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай біздің балабақша Түркия еліндегі балабақшамен онлайн байланысқа шықты.
Балалар бір-бірін ән мен би арқылы құттықтап, өз өнерлерін көрсетті.
Әртүрлі ел, бірақ жүректеріміз бір...
30.04.2026
Тоғызқұмалақ
2026 жылдың 25 сәуірінде Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Бестемше ойындары, Тоғызқұмалақ және Манґала қауымдастығының (Түркия) ұйымдастыруымен «Манґала» халықаралық курсы бойынша 80 сағаттық теориялық және практикалық оқыту өткізілді
30.04.2026
Қорытынды сабақтар
Өткізілген қорытынды сабақтарда педагогтер балалардың оқу жыл бойы алған білімдерін көрсетті
30.04.2026
Сабақтастық бойынша семинар
28 сәуір күні балабақшада сабақтастық бойынша семинар өтті. №17 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері қатысты