"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АЛТЫН БАЛА"  БАЛАБАҚШАСЫ" МКҚК
ГККП "ДЕТСКИЙ САД "АЛТЫН БАЛА" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Балабақшадағы вебинар

17.02.2021

2021 жылы 16 ақпанында «Алтын бала» балабақшасында педагогтарға арналған вебинар өткізілді. Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес тақырыбы «Қазіргі мектепке дейінгі педагогика - бұл классика мен инновациялардың, мәдениет пен білімнің синтезі» . «Алтын бала» балабақшасының меңгерушісі Б.Н.Омарова алғашкы сөз сөйледі.«Алтын бала» балабақшасының әдіскерлері А.С. Канафина және А.Р.Ақжанова мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту және білім беру процесіне жаңа тәсілдерді енгізудің өзектілігі туралы айтты. Тәрбиешілер Шамгунова С.А., Мамбеталина А.С., Перницкая С.Н. ойындарды ұйымдастырудың жаңа түрлерін - «мұғалімнің басшылығымен», «құрылымдық» және «еркін ойын» түрлерін қолдануды көрсетті.Павловская Е.И. 4K моделін ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдану тәжірибесімен бөлісті. Вебинар соңында әдіскер Ақжанова А.Р. қатысушылармен рефлексия өткізді, оның барысында әріптестер өз пікірлерімен бөлісті және ұсыныстар берді:

1.Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесін тиімді ұйымдастыра және жүзеге асыра алатын мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін арттыру мақсатында жаңартылған мазмұнына сәйкес мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша курстарға мұғалімдерді белсендіру,  мектепке дейінгі ұйым мен мектептің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру.

Просмотров: 176


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст