12.03.2026
Балабақша педагогтарына Наурыз мерекесін өткізу туралы нұсқаулық берілді-НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ
* Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын Наурызнама онкүндігі 14 наурыз - 23 наурыз аралыгында атап өтіледі
Бұл күндері ұлттық дәстүрлеріміз дәріптеліп, балаларға
халқымыздың салт-дәстүрлері мен құндылықтары таныстырылады. Әр күн ерекше мазмұнга толы іс-шаралармен өтеді және әлеуметтік желіге жарияланған жұмыстар #наурызнама2026 хэштегімен белгіленеді.
Наурызнама онкүндігі жоспары:
* 14 наурыз - Көрісу күні
* 15 наурыз — Қайырымдылық күні
* 16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
* 17 наурыз - Шаңырак күні
* 18 наурыз - Ұлттық киім күні
* 19 наурыз — Жаңару күні
* 20 наурыз - Ұлттық спорт күні
* 21 наурыз — Ынтымақ күні
* 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы
* 23 наурыз — Тазару күні
* Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Наурыз
мейрамын бірге карсы алайық!
