19.03.2026
Мектепке дейінгі ұйымнан шығару және 1 сыныпқа қабылдау туралы ақпарат
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңының 30-бабына сәйкес 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту отбасында немесе бір жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес:
· тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру тәрбиеленушінің ағымдағы күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, ағымдағы жылғы 1–31 тамыз аралығында жүзеге асырылады;
· мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарын жинақтау тәрбиеленушінің ағымдағы күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, ағымдағы жылғы 1–31 тамыз аралығында жүзеге асырылады;
· мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан шығару жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;
· мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарынан шығару жыл сайын 31 мамырда жүзеге асырылады.